Қазығұртта 200-ге жуық қонақ шақырып, қыз ұзатқан отбасы айыппұл төлейді

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күнделікті іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында, Түркістан облысында күнделікті тұрақты түрде іс-шаралар жүргізілуде.

Осы тұста Қазығұрт полиция қызметкерлері рейдке шықты. Олар аудандағы тамақтану орындарында, сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде, адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарының сақталуын қатаң түрде қадағалауда.

Аталған шара барысында, адам көп жиналатын аймақтарда медициналық бетпердесіз жүрген 2 азамат анықталды.

Оларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша тиісті материалдар топталып, құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт аудандық СЭББ-ге жіберілді.

Сонымен қатар карантин режимін бұзып, көпшілікті жинап, той жасаушылардың да саны азаяр емес.

Бірі 100-ден астам адамды жинап той жасаса, енді бірі 200-ге жуық туыстарын шақырып, қызын ұзатып жатыр.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында СЭББ-ге жолданды.

Осы тұста айта кетер жайт, Қазығұрт ауданы аумағында мобильді топтар ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 61 жайтын анықтады.

Оның ішінде көкпар ойынын ұйымдастыру бойынша 10 жайт тіркелсе, көпшілікті жинап той-жиын ұйымдастыруға қатысты 18 дерек, қалған 33 жайт - маскасыз жүрген тұрғындар.

Түркістан облысы полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондықтан бас санитар дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.


Соңғы жаңалықтар