Қазығұртта тергеуші асылып өлмек болған көршісін құтқарып қалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тергеуші өмірімен қоштаспақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Ол өз үйінде асылып өлмек болған ер азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, қолдан келгеннің бәрін істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұртта тергеуші асылып өлмек болған көршісін құтқарып қалды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай кеше түнгі сағат 1:30-да орын алған.

«Қазығұрт АПБ полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді. Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмекті көрсеткен. Содан кейін тергеуші болған оқиға туралы АПБ кезекші бөліміне хабарлады» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда суицид жасауға әрекеттенген тұрғын аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр. Өз кезегінде полицейлер оның не себепті өмірімен қоштаспақ болғанын анықтауда.