«Қазылардың қитұрқы әрекеті Майя Манезаны бас жүлдеден айырды» - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 10 қараша, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кеше Астанадағы «Рэдисон САС» қонақ үйінде Қазақстан Даму банкінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру: жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция болып өтті. Халықаралық конференция жұмысын Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Осыған орай «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақстанның қаржы саласындағы «мұзжарғышы» деген тақырыппен мақала жарық көрді. Басылымның атап өтуінше, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз сөзінде бүгін таңертең «Standart&Poor's» халықаралық агенттігінің Қазақстан Даму банкінің несиелік рейтингін көтергендігін атап өтті. Ол сонымен бірге банктің еліміздің экономикасын дамытудағы өлшеусіз жұмысына тоқтала келіп, бұл қаржылық институттың алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай еңбек ете беретініне сенім білдірді.

«Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тас­мағамбетовті қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, И.Тасмағамбетов Президентті елорданың 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы­­­ның қорытындылары, алдағы уақытта қаладағы жаңа нысандарды пайдалануға беру, сондай-ақ Қа­­зақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғын мерекелеуге даярлық барысы туралы хабардар етті. Сонымен қатар қала әкімі Мемлекет басшысына елорданың жы­лу маусымына толық дайындығы туралы баяндады.

***
Ауыр атлетикадан Парижде өтіп жатқа әлем чемпионаты бұл күндері бел ортаға жетті. бұған дейінгі нәтижелерге зер салсақ, бас жүлденің денін Қытай құрамасы иеленді. Сарапқа салынған алты алтынның төртеуі солардың еншісінде. Тағы екі алтын Беларусь пен Қазақстан зілтеміршілеріне бұйырды. Еуропа төрінде өтіп жатқан байрақты бәсеке жайында «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы «Қазылардың қитұрқы әрекеті Майя Манезаны бас жүлдеден айырды» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған.

«Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстанның күш құрылымдары лаңкестік, адам өлтіру, бала ұрлау сынды жалған ақпарат таратқан кез келген азаматты құқықтық жауапкершілікке тартып, тиісінше жазалайтынын жариялады», - деп жазады «Айқын» газеті бейсенбілік санындағы «Арандатуға бой алдырмайық» деген тақырыптағы мақаласында. «Осыған байланысты азаматтарымызды қырағылық танытып, үрейге және мұндай арандатуларға бой алдырмауға, оның ішінде өз туыстары мен жақындарын радикалды құрылымдар қатарына ілесуінен сақтауға шақырамыз», - депті ресми өкіл.

***

Ұлттық пантеон ашу мәселесінің көтерілгеніне де біраз болғанын жұрт біледі. Ұлт қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі елге әкелінгенде дәл осы пантеон мәселесінің өзектілігі онан сайын тереңдеген. Кейіннен жұрт арасында астанадан 20 шақырым жердегі «Қабанбай батыр зираты» ретінде аталып жүрген бейіт-төбе пантеонға айналатыны туралы әңгіме өрбіген-ді. Бұл расқа айналатын секілді. Бұл жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санындағы «Қабанбай батыр жатқан жер» ұлттық қабірстанға айналады» деген тақырыптағы мақалаға зер салыңыз.

Осы басылымның тұрақты «Дат!» айдарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проекторы, философия ғылымының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариевамен арадағы сұхбат «Бір мәдениет екіншісінен артық та емес, кем де емес» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ғалым: «Ғаламат ғаламтордың, керемет компьютерлік бағдарламалардың бар мүмкіншілігін пайдалана білуге келгенде, бір өкініштісі, еліміздің ақпараттану деңгейінің, жалпы алғанда, кенжелеуінің зардабы ма, ғаламторлық байланыс бағасының қымбатшылығы ма, әйтеуір, осы тұрғысынан біраз кемшін тұстар табылып жатыр», - дейді.

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамыт­беков­­ті қабылдады. «Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қа­зақстанның агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылға арналған қызметінің нәтижелері, жиын-терін нау­­қанының қорытындысы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық фору­мы­на даярлық барысы туралы баяндалды», - деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар