«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен ЕҚДБ Қазақстан экономикасына инвестиция салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ пен Еуропа қайта құру және даму банкі ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund қоры арқылы Қазақстан экономикасына бірлесіп инвестиция салуды жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚКМ мен ЕҚДБ Қор өмірінің мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды. Инвесторлардың қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде Қор қазақстандық жобаларды келесі екі жыл ішінде қолдаудың қосымша мүмкіндігін алады.

ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund капитализациясы 100 миллион АҚШ долларын құрайды. Қорды ADM Capital абыройлы халықаралық басқарушы компаниясы (www.admcap.com) басқарады. Қордың инвестициялық портфелі өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, медицина және басқа да жобаларды қамтиды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) тікелей инвестиция қорларының қазақстандық қоры. ҚКМ институционалды шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамушы секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) - 1991 жылы құрылды. Банк ашық нарықтық экономикаға өтуге, сонымен қатар жекеменшік және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал ететін жобаларға инвестиция салады. Банк 1991 жылы құрылған кезден бері 4,500 мыңнан астам жобаларды іске асырды.

Соңғы жаңалықтар