Қ.Бозымбаев: Интернетте тараған нұсқа мен «қара жәшіктегі» мәлімет арасында үлкен айырмашылық бар
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсететінін айтты.
— Сіз айтып отырған мәліметті «қара жәшікті» тексеру кезінде алынған ақпаратты жасырын тарату деп қарастырып отырған жоқпыз. Мен сізге тура айттым ғой. Әлдебіреудің интернетке әлдебір мәліметті жариялағаны ақиқат деген сөз емес. «Қара жәшіктегі» деректердің мазмұнынан үлкен айырмашылық бар, — деді вице-премьер.
Еске салсақ, ресейлік телеграмм-арналардың бірінде Ақтауда түбінде құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» алынған алынды деген тақырыппен үлкен мәтін тараған болатын. Ол мәтінде әзербайжандық әуе компаниясына тиесілі ұшақтың экипажы Ресейлік диспетчерлер ұсынған әуежайды таңдамай, Ақтауға бет алғаны туралы мәліметтер бар.
Көлік министрлігі бұл мәселеге байланысты ресми дереккөзі жоқ, ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейтіндерін мәлім еткен болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада айтылатыны белгілі болды.