Kcell Азиада-2011-дің кері санағышын шығарды
;АЛМАТЫ. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Астана мен Алматыда өтетін VII Қысқы Азия ойындарының ресми операторы «GSM Казақстан/Kcell» компаниясы Kcell-орталықтарының бірінде Азиаданың кері санағышын шығарды.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компания кері санау құрылғысын шығаруды қысқы Азия ойындарының ашылуына 100 қалуына орайластырып отыр. Санағышты іске қосудың салтанатты рәсімі өткен аптаның соңында болды. Хранометрге «7-ші Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның вице-президенті Евгений Никитинский және GSM Казақстан/Kcell компаниясының корпоративті коммуникация жөніндегі директоры Аида Досаева бастау берді.
«Қысқы Азиада-2011-ді өткізу - Қазақстан үшін кең көлемдегі спорттық шара болып саналады. Қазіргі уақытта біз 31 елден келетін спортшылар мен қонақтарды қабылдауға дайынбыз деп сенімді айта аламын», деді Е. Никитинский.
А. Досаева компанияның қазақстандық ұялы байланыс операторы бола тұра, ірі спорттық шараға мүмкіндігінше қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. «Біз Kcell-дің Азиаданың ұялы байланыс операты болып танылғанымен мақтанамыз. Сонымен бірге, абоненттеріміздің Азиада туралы мол мағлұмат алып, Қазақстан құрамасына белсенді жанкүйер болғанын қалаймыз», деді ол.