Kcell жұртқа қарызын қашан төлейді?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kcell» байланыс операторы әлі күнге сот үкімін орындамай келеді, деп хабарлады Алматы телеарнасы.

Kcell жұртқа қарызын қашан төлейді?

Байланыс операторы ұялы телефондағы бірліктерді минусқа кіргізу арқылы тапқан қаражатты, соттың шешімі шықса да, қайтаруға асықпайды. Тәртіп бойынша, телефондағы ақша таусылған соң байланыс тоқтатылу керек. Бірақ, компания бұл талапты орындамағандықтан, тұтынушылар әбден қарызға батқан. Бәсекелестікті қорғау агенттігі бұған дейін де компанияны сотқа беріп, оған 325 миллион теңге айыппұл салған болатын. Бірақ мұны пысқырған Kcell жоқ, деп жазады almaty.tv.

«Егер сот бәсекелестікті қорғау агенттігі тарапының өтінішін растап отырса, онда компания клиенттің қарызға кірген ақысын төлеуі керек. Апеллияциялық шағымнан кейінгі сотың шешімі заңды түрде өз күшіне енеді», - дейді бұл мәселе бойынша заңгер Евгений Cейпульник.