ҚДБ «Богви» агроөнеркәсіптік кәсіпорнына қатысты сотқа арыз дайындауда

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бері Қазақстан даму банкінің алдында несиелік міндеттемелерін орындамай келе жатқан «Богви» ЖШС Банктің келісімінсіз көлемі 13 млн. АҚШ доллар құрайтын қамтамасыз етілген кепiлзаттың заңсыз сатылуын жүзеге асырған,

ҚДБ «Богви» агроөнеркәсіптік кәсіпорнына қатысты сотқа   арыз дайындауда

деп хабарлады «Қазақстан Даму банкі» АҚ Сыртқы байланыстар департаментінен.

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) «Богви» ЖШС ірі өнім өндірушіге қатысты сот арызын жолдамақ. Агроөнеркәсіптік кәсіпорын 2007 жылдан бері ҚДБ-нің қарыз алушы компаниясы.

Қазақстанның Даму Банкі «Богви» ЖШС-нің астық өткізу экспорттық операцияларын, сондай-ақ, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдарды өндіру бойынша біріктірілген агроөнеркәсіптік кешенді құру бойынша жобаларын қаржыландырған. Алайда, 2010 жылдың екінші тоқсанынан бастап, аталмыш кәсіпорын қолданыстағы қарыз шарттары бойынша міндеттерін орындамайды. Ұзақ келіссөздер және қарызгердің кеңейтілген мониторингін жүргізу нәтижесінде, 2010 жылдың қазан айында ҚДБ қарызды қайта құрылымдау бойынша шешім қабылдаған. Екіжақты келісімге сәйкес, қарызгер шарттағы бірқатар міндеттерді орындаған жағдайда, қарыздың төлеу мерзімін ұзарту және пайыздық мөлшерлемесін төмендету көзделген.

Атап айтқанда, ҚДБ кепілзатпен қамсыздандыру мақсатында кәсіпорынның элеваторы және астық қабылдау бөлімдеріне тауар-материалдық қорлардың мониторингін өткізетін тәуелсіз инспекторлардың енуін қамтамасыз етуді талап етті. Тексеру барысында кепілзаттық мүлікті заңсыз өткізу және өнім мөлшерінің көлемін асырып көрсету фактілері анықталған. Атап айтқанда, сақтандыру инспекторларының анықтауынша, «Богви» ЖШС Банктің келісімінсіз 2010 жылғы астықтың 62 мың тонна дақыл түріндегі жалпы бағасы 13 млн АҚШ доллар құрайтын кепілзаттың сатылуын жүзеге асырған. Сонымен қатар, «Богви» ЖШС-нің заңсыз әрекеттері туралы Банкке хабарлаған мониторинг компанияларының қызметкерлеріне қысым көрсетілген.

Бүгінде ҚДБ «Богви» ЖШС тарапынан міндеттерді жүйелі орындамауына байланысты Банк заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сот және құқық қорғау органдарына кепілзаттық мүлікті өндіріп алу туралы арыз жолдауға мәжбүр екенін хабарлайды.