ҚДБ кредиттік портфелінің 85 пайызы стресс-тестілеуден жоғары сенімділік танытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Даму Банкі кредиттік портфелінің 85 пайызы стресс-тестілеуден жоғары сенімділікті көрсетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Кредиттік портфеліміздің 41 пайызы - алаңдамауға да болатын жобалардың үлесінде. Бұлар теңге салымындағы немесе экспорттық кредиттер болып табылады, яғни оларға еш күмән болмайды немесе бұл портфельде күшті құрылым қамтамасыз етілді деген сөз. Түйіндей айтсақ, жалпы портфельдің осы 41 пайызы үшін қандай да бір валюталық бағам өзгерістеріне, басқа да тәуекелдерге қатысты біз еш алаңдамаймыз», - деді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, банктің кредиттік портфелінің 44 пайызы теңге бағамындағы құбылмалылықты «сезінуге» бейім. Әйтсе де, төраға ондай жобаларға үшінші тұлғалардың сенімді кепілгерлігі бар екенін немесе акционерлер тарапынан қолдау көріп отырғанын алға тартады. Дегенмен, барлық жобалар бойынша мониторинг жүргізіліп, банктің позициясын күшейту жоспарланады. Тәуекелдерді төмендету жұмыстары да қоса атқарылады.

«Банк қаржыландыратын 9 жоба немесе кредиттік портфельдің 15 пайызы валюталық бағам өзгерісіне сезімтал. Олар үшін стресс-тестілеуге енгізілген тәуекелдер тым ауыр болды. Яғни, валюталық түсім болмаса оларда проблема туындауы да мүмкін. Осы жобаларға қатысты заемдарды қайта құрылымдау жоспарланады. Бұл ретте қаржыландыру көздері айқындалды. Олар Бірыңғай зейнетақы қорынан 60 миллиард теңге алатын болады», - деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар