ҚДБ өз қызметкерлеріне «декреттік жәрдемақылар» бойынша айырманы төлейтін болды
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат -«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еңбек шартына қызметкерлеріне декреттік жәрдемақылар төлеу туралы тиісті тармақ енгізді,
соған орай өз қызметкерлеріне «декреттік жәрдемақылар» бойынша айырманы төлейді. Бұндай шешімді ҚДБ-нің Директорлар кеңесі қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 23-1-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс беруші декреттік төлем кезіндегі айырманы өз қалауы бойынша төлей алады. Осылайша, Қазақстанның Даму Банкінің Директорлар кеңесі еңбек шартына қосымша тармақ енгізу туралы шешім қабылдады. Ол бойынша табыс көзін жоғалту жағдайына әлеуметтік төлем сомасы шегеріліп, жүкті болғанда және босанғанда берілетін демалыс, жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс орташа жалақы мөлшерінде төленеді», делінген баспасөз баянында.