ҚДБ ұзақмерзімді заем ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 65 млрд. теңге алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Даму Банкі ұзақмерзімді заем ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 65 млрд теңге алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алатын заемшылар қатарында Қазақстанның Даму Банкі де бар. Біз БЖЗҚ-нан алуды жоспарлап отырған 65 млрд теңге, бұл - өте қомақты қаражат. Дегенмен, банкте бар ресурстарды есептей келе, бұл қаражатты құрылымдайтын боламыз. Осылайша, алдағы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша біз портфельді тиісті деңгейде ұстай аламыз деп ойлаймын», - деді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, Қордан бөлінетін 65 млрд теңге облигациялық бағдарлама арқылы тартылады. «Мен бұл ұзақмерзімді заем болады деп ойлаймын. Ставкасы нарықтық деңгейді қамтиды. Бүгінгі жағдайда бұл аса қажетті қаражат», - деді Банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар