ҚДБ жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы шеңберінде құны 7,1 млрд. теңге болатын 2207 өтінімді мақұлдады

Бұл туралы ҚДБ-ның ресми сайтында хабарланды.
Агент банк
ҚДБ-ға түскен өтінімдер саны
Мақұлданған өтінімдер
саны
Өтінімдердің жалпы сомасы, ( млн . теңге )
«Банк ЦентрКредит» АҚ
495
375
1214,7
«Еуразиялық банк» АҚ
791
668
2176,2
«Халық Банкі» АҚ
554
554
1790,0
«Сбербанк России» АҚ ЕБ
511
500
1588,6
«АТФ Банк» АҚ
38
38
125,0
«Forte Bank» АҚ
72
72
230,9
Барлығы
2 415
2 207
7125,4
ҚДБ ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Даму Банкі агент банктермен Ұлттық қордан бөлінген несие қаражатын игерудің бақылауын үнемі жүргізуде. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 15 млрд. теңге бөлінді.
Көлік өндірушілердің атауы
Көлік өндірушілерге берілген лимиттер, %
Берілген несиелердің саны, млн . теңге
Берілген несиелердің жалпы сомас ы , млн теңге
«Азия Авто» АҚ
45,333%
168
539,2
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС
33,333%
81
268,6
«АгромашХолдинг» АҚ
21,333%
6
18,8
Барлығы
100%
255
826,6
Тізімі ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бекітілген келесі банктер бағдарлама қатысушылары (төменде көрсетілген банктерге өтінім беру керек) болып табылады:
Банк
Қаржыландыру шегі, млрд . теңге
«Халық Банкі» АҚ
4
«Еуразиялық Банк» АҚ
3
«Сбербанк России» АҚ ЕБ
2
«ForteBank» АҚ
2
«Банк Центр Кредит» АҚ
2
«АТФ Банк» АҚ
2
Жеке тұлғаларға автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі - ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек. Несие мерзімі - ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы - теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы - ең көбі 5 600 000 теңге, міндетті бастапқы жарна сатып алынатын көліктің құнының 20%-ынан аспауы тиіс. Ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады. Ақырғы қарызгерлер - жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т. б. сияқты брендтердің 55 көлік моделі ұсынылады.