KEBCO мұнай брендінің іске қосылуы ел экономикасына оң әсер етті - Мағзұм Мырзағалиев

КазМунайГаз
Фото: ҚМГ

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазМұнайГаз» компаниясының ғана емес, Қазақстанның бүкіл мұнай-газ саласындағы маңызды оқиға – KEBCO – Kazakh Export Blend Crude Oil қазақстандық мұнай брендінің іске қосылуы. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан тарихи түрде мұнайдың екі маркасын саудалады: CPC – КҚК құбырындағы мұнай қоспасы және Urals – «Атырау-Самара» құбырында араласқан әртүрлі мұнай сорттары.

Ресейдің теңіз порттарына тасымалдау кезінде қазақ мұнайы ресейлік мұнаймен араласады. Сондықтан ол Urals брендімен сатылды.

– 2022 жылдан бастап Urals маркасына деген жеңілдік айтарлықтай байқала бастады. Осыған байланысты біз KEBCO деп атаған өзіміздің қазақстандық мұнай брендімізді нарықтарда ілгерілетуді жөн көрдік. 2022 жылдың соңында мұнайдың бұл сұрыпы алғаш рет шыққан кезде ол Brent-ке шамамен 15-18 долларға арзан бағамен сатылды. 2024 жылы KEBCO Brent-ке 2-2,5 доллардан жоғары бағамен сатылуда. Бұл біздің компанияның ғана емес, басқа да қазақстандық жеке компаниялардың экономикасына, тұтастай алғанда Қазақстанның танылуына оң әсер етті», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар