Кебіспаев Қазақстан біріншілігінің ширек финалында қарсыласынан жеңіліп қалды
Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен бес салмақта жеңімпаздардың есімі белгілі болады. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында құраманың үздік балуандары Алмат Кебіспаев пен Мейіржан Шермаханбет кездесті. Тартысты белдесуде 9:4 есебімен Мейіржан жеңіске жетті .
Сондай-ақ осы салмаққа ауысқан жамбылдық Дін-Мұхаммед Қошқар да жартылай финалға өтті.
60 келі салмақтағы жартылай финал жекпе-жегінде Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов кездеседі.
77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев, Тамерлан Шадукаевтар жартылай финалға өтті.
87 келіге дейінгі салмақта Мақсат Сайлау, Диас Қален, Азамат Күстібаевтар өз мықтылығын дәлелдеуде.
Аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов, Мансұр Шадукаевтар жүлдеге таласады.