Кеден комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ұжымына аталмыш мекеме төрағасының орынбасары Аманияз Касымұлы Ержанов таныстырылды.
Бұл туралы ҚР ҚМ КБК-нің БАҚ-пен және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.
Осы тағайындауға дейін А. Ержанов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Ол 1997 жылдан 2005 жылдарға дейін Кеден органдарында бірқатар басшы қызметтерде жұмыс жасаған. Атап айтқанда басқарма басшысы, департамент басшысы, комитет төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.