Кеден одағы аумағына көлікпен тауар әкелгенде алдын ала ақпарат беру шешімі күшіне енді
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Кеден одағы комиссиясының № 899 «Авомобиль көліктерімен Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беру енгізу туралы» шешімі күшіне енді.
Бұл ақпаратты ҚР Қаржы миинстрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Аталған шешім тасымалдаушының немесе басқа да мүдделі тұлғалардың тасымалдайтын тауарлары туралы алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсынуды айқындайды. Автомобиль көліктерімен тасымалданатын тауарларға қатысты ақпараттар Кеден одағының кедендік аумағына кіргізілгенге дейін кемінде 2 сағаттың ішінде өткізу бекеті орналасқан аумақтағы кеден органына міндетті түрде ұсынылуы керек.
Қазақстанның кедендік қызметі алдын ала ақпараттарды ҚР кеден органдарының pi.customs.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырады. Порталда тіркелу және тиісті қызметтер сыртқы экономикаға қатысты кез келген азаматқа тегін ұсынылады.