Кеден одағы аясында темір жол саласындағы қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттер қабылданды
ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеден одағы аясында темір жол саласындағы қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттер қабылданды.
Бұл жайында бүгін Астанада аталған мәселеге байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Көлік және коммуникация министрлігінің бас сарапшысы Төлеген Оспановтың сөзіне қарағанда, аталған техникалық регламенттер жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жылжымалы құрамның бөлшектерін сертификаттауға негізделіп отыр.
«Кеден одағына кіретін үш мемлекетте осындай сертификаттар болмаған жағдайда, онда бұл бөлшектер КО ішінде енгізілмейді»,-деді ол.
Айтап айтқанда, бұл сертификаттарды тіркелген тиісті мекемелер беретін болады, сондай-ақ Қазақстан тарапынан берілген сертификаттар КО аясында, яғни Ресей мен Беларусь мемлекеттерінде тарала береді.
Бұл регламенттер «Темір жолдың жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Темір жол көлігінің инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы», сондай-ақ «Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қаіпсіздігі туралы» үш бағытқа негізделіп отыр.
Аталған техникалық регламеттерді әзірлеу кезінде Еуропа одағының директивасында көрсетілген жекелеген ережелер қолданылды. Кеден одағы аясында осы техникалық талаптар бұл саладағы кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, қаіпсіздік саласында КО-ға мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық құжаттарында талаптарды белгілеу жөнінде қадамдарды жақындатуға, сонымен қатар экономикалық және инвестициялық ахуалды жақсарту мен қолайлы инновациялық орта құруға арналған.
Айта кетейік, бұл регламенттер ағымдағы жылдың 15 шілдесінде қабылданды. Ескеріп өтер жәйт, бұл техникалық регламеттер 2014 жылдың басынан бастап іске қосылады. Себебі, алдағы жылдар ішінде темір жол саласында 320-ға жуық қолдаушы стандарттар әзірленіп, қабылданады.