Кеден одағы аясындағы даулы істерге ТМД Экономикалық соты төрелік ететін болады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Бүгін, 17 қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының қызметтерін ТМД Экономикалық сотының атқаруы туралы ТМД мен ЕурАзЭҚ арасындағы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылады.
None
None

Енгізіліп отырған өзгертулерге сәйкес, Беларус, Ресей және Қазақстанның Кеден одағы аясындағы даулы істерге бұдан былай Достастықтың Экономикалық соты төрелік ететін болады.

Құжатқа ТМД Экономикалық сотының төрағасы Файзулло Абдуллоев және ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы Тайыр Мансұров қол қояды, деп хабарлады Достастықтың Атқарушы комитетінен.

Соңғы жаңалықтар