Кеден одағы басқа елдер үшін де ашық ашық және оған кіру әрбір мемлекеттің тәуелсіз таңдауы - ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұров

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеден одағы басқа елдер үшін де ашық және оған кіру әрбір мемлекеттің тәуелсіз таңдауы.
None
None

Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Тайыр Мансұров «Жаңа онжылдық:болашақтар мен талаптар» атты тақырыптағы ІV Астаналық Экономикалық форумы аясындағы панелдік сессия барысында айтты.

Бас хатшының атап өтуінше, қазіргі уақытта Қырғызстан бұл ұйымға қосылуға ниет танытып отыр. Сонымен қатар ол Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті өздерінің дамуының бағыты ретінде айқындауға ниет танытатындығына сенім білдірді. Дегенмен бұл орайда Т.Мансұров Кеден одағына кіру әрбір мемлекеттің тәуелсіз таңдауы екендігін баса айтты.

«Біз бұл интеграциялық құрылымға мүшелікке өту жаңа қатысушыларға тек қана экономика саласында ғана емес, одан да бөлек проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның пайымдауынша, алдағы бесжылдықта Кеден одағы аясында үш елдің үкіметтері қол қоюы тиіс 13 халықаралық құжатты, сондай-ақ бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы қозғалыстың тиімділігін қамтамасыз ететін 42 түрлі құжатты әзірлеп, қабылдауы қажет.

Соңғы жаңалықтар