Кеден одағы бойынша экспорт пен импорт кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісім мақұлданды

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл құжат кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық шарттардың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау мақсатында әзірленген болатын. Келісімге сәйкес, кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде, сондай-ақ транзитпен алып өткізілетін тауарларды өткізу кезінде жанама салықтарды импорттаушы мемлекеттің салық органдары ғана салатын болады. Ал осы шара барысында даулар туындайтын болса, ол тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешімін табатын болады. Сондай даулар бойынша келісімге келмеген жағдайда мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотына жүгінеді. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар