Кеден одағы бойынша тауарлардың құнын декларациялау тәртібі туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс
Енді құжат Парламент Сенатына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеден одағы аясындағы осы келісімнің мақсаты одаққа қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін тауарлардың және осы аумақтан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындау болып табылады. Соған сәйкес қатысушы мемлекеттердің кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары әзірленетін болады.
Бұл ретте Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау әрбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады. Бұндай декларациялау жұмысы жазбаша, электронды және халықаралық шарттармен айқындалған өзге нысандар бойынша жүргізіледі.
Ал кедендік құн декларациясы кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Келісімге Қазақстан, Беларус және Ресей Үкіметтері арасында 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында қол қойылған.