Кеден одағы дағдарыс жағдайында ел экономикаларына күрделі кезеңді еңсеруге мүмкіндік береді - сарапшының пікірі

СТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгінгідей дағдарыс жағдайында Кеден одағын Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері үшін «құтқарушы шеңбер» ретінде қарастыруға болады, бұл игі бастама аталған үш елдің экономикаларына және азаматтарына күрделі кезеңді еңсеруге мүмкіндік береді, деп санайды «Эксперт-Қазақстан» журналының саясат бөлімінің редакторы Николай Кузьмин.

Кеден   одағы дағдарыс жағдайында      ел экономикаларына күрделі   кезеңді еңсеруге мүмкіндік береді -  сарапшының пікірі

liter.kz басылымына берген сұхбатында сарапшы, құрылып отырған одақтың қатысушы елдерге қосымша мүмкіндіктер беріп отырғанын, жобаларды қаржыландыруда проблемалар, өзге елдер жүргізіп отырған протекция жасау саясаттары байқалып отырған кезеңде бұл мүмкіндіктерді пайдаланбау ақымақтық.

Қазақстан халық тұтынатын көп тауарларды шетелден сатып алатыны белгілі. Осындай жағдайда Кеден одағы қарапайым азаматтар үшін жақсы игілік болғалы отыр, олар ресейлік және беларус тауарларын төмен бағамен сатып ала алады, дейді сарапшы.

Қазақстандық өндірушілердің көзқарасы тұрғысынан, баж салығының төмендеуі де көрші нарықтарда олардың өнімдеріне деген бағаны төмендетеді, ал бұл өз кезегінде компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.

Кеден одағы бойынша серіктестер ағымдағы дағдарысты өз беттерінше жаман еңсеріп жатқан жоқ, дегенмен, оларда да проблемалар жоқ емес, жұмыссыздық және экономика көрсеткіштерінің төмендеу үрдістері бар. Егер Ресей, Қазақстанның ізін ала дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдамаса және мұнай мен газды сыртқа сатудан қордаланған қаржыны экономиканы тұрақтандыруға салмағанда, жағдай қазіргіден де қиын болар ма еді, кім білсін, дейді Н.Кузьмин. Осындай альянс бүгінгідей қиын жағдайда Кеден одағын нығайта түседі, посткеңестік кеңістіктегі басқа бизнес-ықпалдастық жобаларға қарағанда, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.