Кеден одағы елдері бірлескен венчурлік қор құруға ниетті
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Беларус, Ресей және Казақстан бірлескен венчурлік қор құруды жоспарлап отыр,
деп хабарлайды Беларус инновациялық қорының директоры Анатолий Гришановичтің сөзіне сілтеме жасаған "БЕЛТА" агенттігі.
А. Гришанович Ресей мен Қазақстан нанотехнология жөнінде бірлескен венчерлік қор құру туралы келіссөздер жүргізіп келе жатқанына да жылдан асқанын, сәйкес құжаттар дайындалып, жаңа құрылымдар аясында өзара бірлескен механизмдер жүзеге асырылып жатқанын агенттік тілшілеріне түсіндіріп берді.
«Біз сондай-ақ, бұл қорды құруға қызығушылық білдіретінімізді айттық, қазір үшжақты әріптестіктің тиімділігі қаралып жатыр», - деді ол.
А.Гришанович сондай-ақ ЕурАзЭқ аясында венчерлік жобаны үш ел бірлесе орындауға келісіп те қойғанын айтып өтті.
«Таяуда Мәскеуде өткен нанотехнология жөніндегі Халықаралық форумда тиісті келісімдерге қол жеткізілді. Қазір біз нақты бағыттар мен өзара әрекеттестік талаптарын камтитын келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді ол.