Кеден одағы елдерімен өзара сауда 23,5 пайызға өсіп, 4 млрд. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Кеден одағы елдерімен өзара сауда 23,5 пайызға өсіп, 4 млрд. АҚШ долларын құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Кеден одағы елдерімен өзара сауда екі айдың ішінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға өсіп, 4 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, экспорт 7,7 пайызға артқан. Оның ішінде Ресейге 7,4, ал Беларусьқа 37,2 пайызға өскен. «Импорт 30,5 пайызға өсті. Бұл ретте Беларусьтан импорт 16,8 пайызға қысқарды», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар