11:28, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Кеден одағы елдеріне Қазақстанның тауар экспорттау көлемі артты
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеден одағы елдеріне Қазақстанның тауар экспорттау көлемі артты.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Кедендік одаққа мүше елдердің тарапынан қазақстандық өнімге сұраныс арта түскенін айтып өткен жөн. Биылдың 9 айында елімізде өндірілген тауарлардың Ресейге бағытталған экспорты 48 пайызға өсті. Жалпы алғанда, Кеден одағы елдерімен өзара сауда көлемі 46,2 пайызға жоғарылады», -деді министр.
Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда, аталған көрсеткіштің ішінде экспорт 53,3 пайызды, ал импорт 43 пайызды құрады.