Кеден одағы елдерінен экспортқа квота беру қажет - Р.Алшанов

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеден одағы елдерінен экспортқа квота беру қажет. Бұл пікірді бүгін елордада өткен «Эксперт» пікірсайыс клубының
None
None

«Кеден одағы: жоғалтқаннан гөрі көбірек ал» тақырыбындағы отырысында «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов білдірді.

Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында құрылған Кедендік одақтың кемшін және ұтымды тұстарын таразылаған ол: «Мәселен, ағымдағы жылы астық түсімі өте мол болып, Қазақстан, Ресей және Беларусь бірден бәсекелестерге айналды. Біз бәсекелеспіз, өйткені Ресей Қара теңіз айлағы арқылы бұған дейін Қазақстан астық өткізуде басымдық танытқан Египет пен Тунис нарығына шығуда», - деді ол.

Осы орайда оның пайымынша, астық және басқа да тауарларды экспорттау барысында Кеден одағына мүше елдердің арасындағы бәсекелестік олардың эономикасына жағымсыз әсер ететін болады. Сондықтан Еуропалық одақта қолданыста жүрген экспортқа квота беру тетігін енгізу қажет.

Соңғы жаңалықтар