Кеден одағы елдерінің мүдделері ортақ болуы керек - В.Попов

СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Кеден одағына қатысушы елдердің мүдделері ортақ мүддеге бағынуы керек.
None
None

Бұл туралы Беларус Парламенті кеңесінің Экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Вадим Попов сейсенбі күні Мәскеуде «Кеден одағы: құқықтық қамтамасыз ету және даму жолдары» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

«Кеден одағының Комиссиясы барлық Кеден одағының мүддесі үшін қатысушы елдердің мүделерін басқаруды қолына алуы керек», деді В.Попов өз сөзінде.

«Біз бір-бірімізбен келісе отырып, ортақ мәміле іздестіре отырып жұмыс істеуіміз керек», - дейді Беларус парламетшісі. Оның пікірінше, өзара жеілдіктерге, субсидияларға, бәсекелестікке қатысты мәселелер де Кеден одағы Комиссиясының құзырында болуы керек. Оған қоса, комиссия еркін экономикалық аумақтардың жұмысына қатысты мәмілегерлік шешімдер табуы тиіс, дейді В.Попов.

Соңғы жаңалықтар