Кеден одағы еркін сауда аймағын құру бойынша Вьетнаммен келіссөздер жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Кеден одағына қатысушылар - Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері мен Вьетнам арасында Еркін сауда аймағы бойынша келісімді талқылаудың бірінші раунды аяқталды, деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кеден одағы еркін сауда аймағын құру бойынша Вьетнаммен келіссөздер жүргізді

Тараптар тауар саудасы, кедендік әкімшілік ету, шығу тегінің ережелері, интеллектуалды меншіктік және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшарттың бөлімдерін талқылады.

Электронды сауда, санитарлы және фитосанитарлық шаралар бөлімінің мәтіні бойынша жұмыстар аяқталды.

«Келісімшарт жасасу Кедендік одаққа мүше-елдер мен Вьетнам арасындағы сауда байланыстарын нығайту және дамытуға себеп болады, сонымен қатар Вьетнам нарығына тауарларды жылжыту және Кедендік одаққа мүше елдеріне инвестиция тартуда қолайлы жағдай тудырады» делінген хабарламада.