Кеден одағы Қазақстанның тауар айналымын 30 пайызға арттырды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Кеден одағы Қазақстанның тауар айналымын 30 пайызға арттырды, оның едәуір бөлігі тау-кен металлургия саласына тиесілі,
деп хабарлайды Ресей тауар өндірушелер одағының төрағасы Олег Сосковец pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Бүгінгі күні кедендік одаққа енуге байланысты Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы 25-30 пайзға артып отыр. Мұнда металлургия тауар айналымының осындай ұлғаюына алып келетін негізгі сала болып табылады», - дейді О.Сосковец.
Ресей тауар өндірушілер одағы төрағасының айтуынша, 2015 жылға қарай Кеден одағы пен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасындағы тауар айналымы 400 млрд долларға дейін артады.
Сонымен қатар оның пайымынша, тау-кен металлургия индустриясы базалық әрі Қазақстан экономикасын құрушы сала болып табылады.
«Тау-кен металлургия саласы басқа да салалармен бірлесіп мемлекет экономикасын құрайтын негізгі сала ретінде тауар айналымын анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сөзін О.Сосковец.