Кеден одағы комиссиясы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар мерзімін ұзартты

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кеден одағы Комиссиясының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың әрекет ету мерзімін ұзарту туралы шешімі күшіне енді»,

Кеден одағы комиссиясы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар мерзімін  ұзартты

деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

2011 жылғы 15-ші желтоқсанында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №888 шешімі күшіне енді. Онда Кеден одағы мүшелерінің тараптары берген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қолданыс мерзімін 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту көзделген.

Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың қолданысы «егер өзгесі оны қолдану туралы Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленбесе, тиісті техникалық регламенттер күшіне енгенге дейін» ұзартылды. Осылайша, Кеден одағының кедендік аумағында (мемлекеттік тіркеуге жататын) тауарлардың бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне енгізілген бақылаудағы тауарларды әкелу үшін тараптардың уәкілетті органдары берген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктен басқа, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын берілген құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) негіз болып табылады. Осы құжаттар тараптардың уәкілетті органдары рәсімдеген және Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі күшіне енгенге дейін берілген өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайды және оларды берген тараптардың аумағында ғана қолданыста болады.

Бұл құжаттар оларда көрсетілген мерзім шегінде, бірақ егер өзгесі оны қолдану туралы Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленбесе, тиісті техникалық регламенттер күшіне енгеннен бастап кешіктірмей қолданылады. Соған байланысты, техникалық регламенттер күшіне енгенге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын және Тауарлардың (өнімнің) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне енгізілген өнімге 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін рұқсат ету құжаттары берілген тауарларды қайта тіркеу жүргізу қажет.