Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісім заңмен бекітіледі

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 22-ші отырысында Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінің басшылары Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімге қол қойды.
None
None

  Үкімет аталған құжатты заң жобасы түрінде дайындап, Мәжіліске ұсынды. «Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу міндеті Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған Келісім 2000 жылғы қазанның 10-ындағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа және 2007 жылғы қазанның 6-сындағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа негізделген.

Келісім Кеден одағының жоғарғы органының, Кеден одағы комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды және оларды ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Кеден одағы комиссиясының хатшылығын құруға бағытталған.

Келісімде Кеден одағының комиссиясы хатшылығының функциялары, оның қызметін қаржыландыру және персоналды айқындалған. Кеден одағы комиссиясының хатшылығы Тараптардың әрқайсысының сыртқы экономикалық қызметті реттеу саласындағы заңнамасын мониторингілеу мен талдауды, Кеден одағын қалыптастыру мен бірыңғай кедендік аумақ құру үшін қажетті халықаралық шарттардың жобалары сметасының жобасын әзірлеуді жүзеге асыратын болады.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы мамырдың 30-ындағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес Келісім ратификациялауға жатады.

Осы Келісімнің күшіне енуі, одан шығу және оған қосылу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамада айқындалған.

Соңғы жаңалықтар