Кеден одағы өз тиімділігін дәлелдеді - К.Мәсімов
СК. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан, Ресей және Украина арасындағы Кеден одағы өз тиімділігін дәлелдеді, деп мәлім етті ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
«Менің ойымша, біздің жаңа бірлестігіміз - Кеден одағы бүгіннің өзінде өз тиімділігін дәлелдеді, кәсіпкерлеріміз бен азаматтарымыз үшін шын мәнінде пайда әкелді», - деді К.Мәсімов кеше Минскідегі Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағы Жоғары органының отырысы соңынан өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстан үшін 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап елдер арасындағы кедендік шекаралар сыртқы контурға кететіндігі маңызды болып табылады. «Бұл кәсіпкерлеріміз үшін жақсы мүмкіндік, екіжақты қарым-қатынас пен сауданы дамыту үшін берілетін мүмкіндік», - деді К.Мәсімов.
Премьердің айтуы бойынша, екі жыл бұрын Кеден одағына мүше елдер осындай көрсеткіштерге қол жеткізеді дегенге сенім жоқ еді. «Алайда бүгін біз ол нәтижелерге жеттік», - деп түйіндеді сөзін ҚР Премьер-Министрі.