Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Үкімет Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1210

2012 жылғы 17 қыркүйек, Астана, Үкімет үйі

«Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Казакстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысына (Қазакстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы осы қаулының косымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум