Кеден одағы стандарттары 72 пайызы реттелді -Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кеден одағының тамақ өнімдеріндегі техникалық регламенті» тақырыбындағы семинарда айтылды.
«Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытындағы жұмыстар аясында тамақ өнеркәсібі саласындағы барлық техникалық регламенттер еуродиректива мен еурорегламентке жүйелендірілген. Осы уақытқа дейін Кеден одағының 31 техникалық регламенті қабылданды. Онда ұлттық техникалық регламенттерге 1,5 жылға өтпелі кезең қарастырылған», - дейді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев. Оның айтуынша, қалған 29-ы биыл жыл соңына дейін және келесі жылы түгелдей қабылданады. Одан кейін де бұл жұмыс тоқтап қалмай, заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа техникалық реттеулер жасау ісі ары қарай жалғаса береді. Қазақстан бүгінгі күнге дейін өз тарапынан 14 техникалық регментті дайындап, оларды Кеден одағының кеңесіне қарауға берді.