Кеден одағы ТМД кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістердің тартушы күші болады - Сергей Миронов

ӘСКЕУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Кеден одағы жақын келешекте Достастық елдерінің шоғырлануының локомотивіне айналады және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға қолдау көрсетеді.
None
None

Бұл туралы сейсенбі, наурыздың 30-ы күні Мәскеуде «Кеден одағы: құқықтық қамтамасыз ету және даму жолдары» деген тақырыпта өткен «дөңгелек үстел» отырысының барысында РФ Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов мәлім етті.

«Бүгінде осы тақырыпқа қатысты көп үстіртін ойлар мен пайымдаулар айтылуда. Көп жағдайда саяси мотивтер, сондай-ақ елдеріміздің арасын ажыратуға тырысып отырған түрлі күштердің талпыныстары ықпалдастықты тежеп отыр. Бірақ та бұл посткеңестік кеңістікте бірінші рет, іс жүзінде жол жеткізіліп отырған ықпалдастық үдеріс», деді С.Миронов өз сөзінде.

Ол сондай-ақ жақын келешекте Кеден Одағына басқа да елдердің, ең алдымен ЕурАзЭҚ елдерінің, сондай-ақ Украинаның қосылатынына сенім білдірді.

«Таяу болашақта Кеден одағы Достастық елдерінің шоғырлануының локомотивіне айналады және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға қолдау көрсетеді деп санаймын», деп түйіндеді өз сөзін Федерация Кеңесінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар