Кеден одағы ықпалдастық бірлестік ретінде толық қалыптасты - ҚР Премьер-Министрі

МИНСК. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Кеше Минскіде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі мен Одақтас мемлекеттердің Министрлер кеңесі мәжілістерінің қорытындысы бойынша Қазақстан,

Кеден   одағы  ықпалдастық бірлестік  ретінде толық  қалыптасты -  ҚР Премьер-Министрі

Беларусь және Ресей премьерлерінің қатысуымен бірлескен баспасөз мәслихаты болды.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, қол жеткізілген келісімдерге сәйкес кедендік бақылауды сыртқы контурға шығаруға кедергі болуы мүмкін барлық мәселелердің түйіні шешілгенін атап көрсетті.

«Келісімдерге сәйкес, кедендік бақылаудың 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап сыртқы контурға шығарылатынын мәлім еткім келеді. Төлқұжаттық бақылау тұрғысында - ол әрине сақталады, бірақ біз бүгін сондай-ақ жалпы төлқұжаттық және визалық мәселелерді де үйлестіретін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдадық. Кеден одағының ықпалдастық бірлестік ретінде толық қалыптасқанын тағы да айтып өткім келеді. Және бұл одақ біздің экономикаларымыз дағдарыстан енді шыға бастаған кезеңде, өткен 2010 жыл бойы өз мүмкіндігін тағы да көрсете білді», - деп атап көрсетті К.Мәсімов өз сөзінде.