Кеден одағына арналған пошта маркасы шығарылды

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - «Қазпошта» Еуразия экономикалық қауымдастығының Кеден одағына арналған пошта маркасын шығарды. Бұл туралы «Қазпочта» АҚ-дан хабарлады.
None
None

Шығарылған марка жоталы перфорациялы, төрт түсті бояулы офсеттік тәсілмен шығарылған. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Атаулы бағасы 32 теңге, көлемі 28 х 30 мм, таралымы 50 мың дана. Қазақстан, Ресей және Беларус елдері арасында Кедендік одақтың құрылуына орай шығарылған пошта маркасы ұлттық пошта операторының филателиялық топтамасындағы 764-ші марка. Маркада ЕурАзЭҚ-тың логотипі мен қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндік құрылымы бейнеленген.

Пошта маркасын салтанатты түрде енгізу ЕурАзЭҚ «Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы бизнес» атты халықаралық форум шеңберінде өткізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Кеден одағының маркасы халықаралық ұйымның қызметіне арналған алғашқы марка емес, 2011 жылғы маусым айында Қазпочта ЕурАзЭҚ-тың 10 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасын шығарған болатын. Онымен бірге, ұлттық пошта операторының топтамасында Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ), Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Азия және Тынық мұхит елдері үшін БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) қызметтерінің мерейтойлық күндеріне орай шығарылған маркалар бар.

Алғашқы күнгі өшіру - пошта маркасының туған күні ретінде атап өтілетін филателия әлеміндегі ерекше оқиға. Кеден одағына арналған марка шығарылатын күнге орай дизайнер Николай Соколов Өшірудің алғашқы күнінің арнайы мөрқалыбын жасады. Үстіміздегі жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін марканы салтанатты түрде өшіру рәсіміне ЕурАзЭҚ-ның Бас хатшысы Таир Мансұровпен «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Аркен Арыстанов қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар