Кеден одағына кіретін елдердің нарықтары 600 милиард долларға бағаланады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей Федерациясы Есеп палатасының алқасы «Кеден одағын құру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жүзеге асырылуын және Біртұтас кеден аумағын құрудағы Беларус Республикасы,

Кеден одағына кіретін елдердің  нарықтары  600 милиард долларға бағаланады

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы өзара іс-қимылды реттейтін құжаттардың әзірленуін талдау» жұмыстарының қорытындысын қарады.

РФ Есеп палатасының Ақпарат департаментінен хабарлағандай, кеден одағын құру - 167 миллиондай халқы бар біртұтас нарықты білдіреді. Одаққа кіретін үш елдің жалпы біртұтас өнімі 1385 миллиард долларды құрайды. Ал жалпы нарықтарының ауқымы 600 миллиард долларға бағалануда. Кеден одағын құрудағы маңызды фактор - Біртұтас экономикалық кеңістікке ауысудың тұғырнамасын жасау.

Есеп комитетінде қаралған талдау құжаттары, 2010 жылдың шілде айының 1-індегі жағдай бойынша Біртұтас кеден аумағын құрудың бірінші кезеңінің міндеттері, атап айтқанда қажетті құқықтық шарттарды жасау, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесін қолдану және кедендік реттеудің бірегейлендірілген нормаларын қолдану міндеттері орындалғанын көрсетіп отыр.

Алқа отырысында, сондай-ақ Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифтері Ресей Федерациясының кедендік тарифінің ставкаларына 82 пайызға сай келетіні атап көрсетілді. Ресей үшін жалпы импорттың 10 пайызынан астамының ғана ставкалары төмендетілсе, кедендік баж салықтарының ставкасы 350 позиция бойынша (жалпы импорттың 3 пайызы) көтерілді.

Оған қоса, 2010 жылдың І тоқсанында бюджетке сырттан әкелінетін тауарлардан түсетін кедендік баж салығы, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға төмендеді және 100,2 миллиард рубльді құрады, дейді мамандар. Өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл І тоқсанда кедендік баж салығы ставкаларының өзгеруімен байланысты бюджетке түспей қалған кіріс 158 миллион долларға бағалануы мүмкін.

Дегенмен, экспорттық баж салығы бойынша қысқа мерзімге жоғалтылған кіріс ықпалдастықтан туындайтын экономикалық белсенділіктің артуының арқасында салық салынатын базаның кеңеюі есебінен өтелетін болады, дейді сарапшылар.

РФ Есеп комитетінің алқасы сараптамалық-аналитикалық іс-шаралардың қорытындысы бойынша талдауларын Ресей Үкіметіне және РФ Федеральдық Жиналысының палаталарына жолдау туралы шешім қабылдады.