Кеден одағындағы ішкі кедендік процедураларды тоқтату туралы саяси шешім маусым айында қабылдануы керек - С.Глазьев

СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Беларус, Ресей және Қазақстан премьер-министрлері маусым айында өтетін ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде Кеден одағына қатысушы елдердің арасындағы ішкі кедендік процедуралардың тоқтатылуы туралы саяси шешім қабылдауы керек.
None
None

Бұл туралы Кеден Одағы Комиссияның жауапты хатшысы Сергей Глазьев сейсенбі, наурыздың 30-ында Мәскеуде «Кеден одағы: құқықтық қамтамасыз ету және даму жолдары» деген тақырыпты арқау еткен «дөңгелек үстел» отырысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Сергей Глазьевтің айтуынша, қазіргі таңда Кеден одағының Кедендік кодексін толықтыра түсетін 17 құжаттан тұратын келісімдер топтамасы әзірленуде. Бұл келісімдер сәуірдің 16-сында өтетін Кеден Одағы Комиссиясының отырысында қаралмақ. Оған қоса, экспорттық және импорттық баж салықтарын бөлісу туралы келісім де сол мәжілістің қарауына шығарылмақ. Үш елдің премьер-министрлері бұл құжаттар топтамасын мамыр айында бекітеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар