Кеден одағының комиссиясы бірқатар нормативтік актілерді қабылдады

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Қыркүйектің 20-21-і күндері Мәскеуде өткен Кеден одағы комиссиясының кезекті отырысы барысында тараптар Кедендік кодекспен қарастырылған Комиссияның бірқатар нормативтік актілерін қабылдады.

Кеден одағының комиссиясы бірқатар нормативтік актілерді қабылдады

Атап айтқанда, бақылау тәртібі, мағлұмдама беру тәртібі, сонымен қатар, тауарларды кедендік баға бойынша түзету тәртібі қабылданды (соңғы екеуі 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енеді).

Комиссия мүшелері ЕурАзЭС аясында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік қызмет өкілдіктерінің қызметі мәселелері жөніндегі кеден істерінде өзара көмектесу мен ынтымақтастық туралы келісім жобасын қабылдап, 2010 жылғы қазанның 10-ына дейін мемлекет ішінде келісім өткізу үшін жобаны тараптарға жіберді.

Комиссия мүшелері Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы бірқарат келісім жобаларын тақылап, сондай-ақ мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭС Мемлекетаралық кеңесінің отырысына арналған күн тәртібін бекітті.