Кеден одағының комиссиясы енді Еуразиялық экономикалық комиссиясына айналады - Қазақстандағы Ресей Елшісі
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковтың айтуынша, жұртшылық назары қазір Бірыңғай экономикалық кеңістікке емес, біздің елдеріміздің ықпалдастық дәрежесіне ауып кеткен сияқты. Ресейде де, Қазақстанда та көбіне-көп бұл Кеңес одағына қайтып келудің жолы емес пе, ол егемендіктен айырмай ма деген сауалдар жиі қойылуда. Бұған Қазақстан, Беларус, Ресей елдерінің мемлекет басшылары өз кезегінде жауап берген болатын.
«Еуразиялық экономикалық одақ идеясы келешектің ісі. Біздің ықпалдастықта жаңа элемент пайда болды. Ол жүйелілік және кезеңдік. Бұрын Кеден одағы құрылған кезде қайда бет алғанымыз аса айқын болмады. Енді бұл Еуразиялық экономикалық одақтың бірінші кезеңі, ал Бірыңғай экономикалық кеңістік екінші кезеңі екені қағаз жүзінде де белгілі боп қалды», - дейді М. Бочарников.