Кеден одағының нәтижесі туралы айту әзірге ертерек - Ұлттық банк төрағасы

/strong>Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден одағы туралы айтылып жатқан кейбір пікірлер шындыққа сай келмейді.
None
None

Ұлттық банктің төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кеден одағының нәтижесі туралы айту әзірге ертерек. Қазір Кеден одағына мүше елдердің бәрінде де халық сауалнама кезінде бұл бізге тиімді емес деуде. Эмоционалдық бұл баға шындыққа сай келмейді. Кеден одағының нәтижесі туралы ол толық іске қосылғаннан кейін ғана айтуға болады", дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Өзге елдердің экономикасының тарихын зерттеген маман ретінде ол Кеден одағынан оған мүше барлық ел ұтатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар