Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобасы 60 күн бойы қоғамдық талқылаудан өтеді
Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кеден одағының тамақ өнімдеріндегі техникалық регламенті» тақырыбындағы семинарда айтылды.
«Кеден одағының техникалық регламенттеріне мүше-мемлекеттердің бәрі белсенділік танытуда. Атап айтқанда, «Ет өнімдері қауіпсіздігі» регламентін - Қазақстан, «Тамақ өнімдерін таңбалау» регламентін - Беларусь, «Сүт өнімдері қауіпсіздігі» регламенті жобасын Ресей сарапшылары жасады. Жалпы бұл ұжымдық жұмыс. Оны әзірлеугеа салалық қауымдастықтар мен министрліктерден арнайы мамандар бөлінді», - дейді Еуразия экономикалық комиссиясының техникалық реттеу мәселелері жөніндегі алқасының мүшесі Валерий Корешков. Оның айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы және тағы басқас да халықаралық ұйымдардың талабы бойынша техникалық регламенттердің жобасы сайтқа орналастырылып, 60 күн бойы қоғамдық талқылаудан өтуі тиіс. Мәселен, ресейліктер жасаған «Сүт өнімдеріне қатысты» регламент қабылданбады. Онда терминология және ветеринарлық қолдау бойынша Кеден одағы мүшелері арасында бірауыздылық болмағандықтан талқылау барысында қабылданған жоқ.