Кеден органдары жыл басынан бері 124 млн.теңгеден артық сомадағы декларацияланбаған валюта тәркіледі

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 21 мен 27 аралығында Қазақстан Республикасының кеден органдары жедел және қызметтік іс-қимылдардың нәтижесі бойынша 9 қылмыстық, 83 -әкімшілік іс қозғалды. Қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлардың құны -128 062 130 теңгені құрады. 1 777 737 теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Кеден органдары жыл басынан бері 124 млн.теңгеден артық сомадағы декларацияланбаған валюта тәркіледі

Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 2013 жылғы 21 қазанда экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. «Өрік» тауары ретінде көрсетілген автомобильді тексеру кезінде кедендік бақылаудан жасырылып, заңсыз өткізілген кедендік құны 6 565 379 теңгені құрайтын, жалпы салмағы 18 150 кг «үйрек кеудесі» декларацияланбаған тауар-еті салынған қорап анықталды.

2013 жылғы 21 қазанда Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері валютаны заңсыз өткізу фактісі бойынша «Алматы-Амстердам» бағытымен ұшып келе жатқан Нидерланд корольдігінің азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады, одан кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден орнаы декларацияланбаған 22 370 Еуро сомасындағы шетел валютасын анықтады және алды. Барлығы 2013 жылғы 9 айда кеден органдары 124 млн.теңгеден артық валюта алды.

2013 жылғы 25 қазанда Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару фактісі бойынша қоғамдық қор басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу түріндегі келтірілген залалдың сомасы 89 533 180 теңге құрайды.

2013 жылғы 23 қазанда Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Кеден одағы аумағына салмағы 21,93 грамм «героин» есірткі құралын және 200 грамм тротил эквивалентінде және «тротил түйіршігін» контрабандалық жолмен әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.