Кеденде көліктердің тұрақтау мерзімі айтарлықтай қысқарады ? Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз тиісті рәсімдеу шараларына байланысты көліктердің кеденде тұру уақытын әлі айтарлықтай қысқартатын боламыз.

Кеденде көліктердің тұрақтау мерзімі айтарлықтай 
 қысқарады ? Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Бұл туралы бүгін «Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жетілдірудің стратегиялық әдістері: Халықаралық тәжірибе» атты семинар барысында Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі таңда Парламентте кеден саласына қатысты маңызды деген екі құжат қаралуда. Олардың бірі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен байланысты болса, екіншісі шекарадағы ықпалдасқан түрдегі бақылау шарасына қатысты болып отыр. «Көпшілікке мәлім бүгінде шекарада көліктік, фитосанитариялық, ветеринариялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылаушылар бар. Ал біз осы бақылауларды жүзеге асыратын министрліктердің жұмыстарын бір өзіміз ғана атқаруды жоспарлап отырмыз. Бұл шекарадағы бақылаушы органдар санынан қысқартып, көліктердің өту қарқынын жиілетеді. Біздің есебімізше, егер қандай да бір көлік тиісті рәсімдеу жұмыстарына байланысты қазір 180 минут аялдайтын болса, ықпалдасқан бақылау жүйесі іске қосылған соң олар көп дегенде 30 минут тұратын болады. Ал біздің шекара қызметі органдарымен бір-бірімізді қайталайтын қызметіміздің бар екендігін ескерсек, біз көліктердің кеденде тұрақтау мерзімін әлі де қысқарта аламыз», - деді комитет төрағасы.