Кедендегі кедергі: Еуропадан әкелінген алмаларды шекарада заңсыз ұстаған

Зона таможенного контроля Кедендік бақылау аймағы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бас көлік прокуратурасы Еуропадан әкелінген балғын алмаларды бірнеше күн бойы кеденнен өткізе алмаған қазақстандық кәсіпкерлерге араша түсті. Рәсімдеу жұмыстарын заңсыз кідірткен кеден қызмектерлерінің әрекетін айшықтап, кәсіпкерелердің құқығын қорғады. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданды.

Прокуратураның талдауымен Министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталды. Ал, алма тиелген 8 жүк көлігі аталған күнге дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды.

Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде, кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram