19:20, 19 Қаңтар 2023 | GMT +5
Кедендегі 9 жол бекеті жаңартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі кедендегі 9 жол бекеті мен 1 теміржол бекетін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы министр Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
«Кедендегі инфрақұрылымды жаңғырту бағытында 9 автомобиль және бір теміржол өткізу пунктін жаңғырту жоспарда бар», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Министр жобаның құны 149 млрд теңге болатынын атап өтті. Сол мақсатпен Қазақстан және Қытай Үкіметтері арасында жеңілдікпен несие беру туралы негіздемелік келісімге қол қойылған көрінеді.
«Аталған 9 нысан бойынша құрылыс-монтаждау және жұмылдыру жұмыстары басталды. Жобаның арқасныда бекеттердің көлік өткізу қабілетін 8 есеге дейін арттыруға және өту уақытын қысқартуға болады», - деді министр.