Кедендік алым көтерілсе, Қазақстандық көлік сатушы ресми дилерлердің бірқатары жұмысын тоқтатуы мүмкін - Н. Смағұлов

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Үкіметтің елімізге сырттан әкелінетін көліктерге кедендік алымдарды 20 пайыздан 10-30 пайыз аралығына дейін көтеру жоспары жүзеге асса, Қазақстандық көлік сатушы ресми дилерлердің бірқатары жұмысын тоқтатуы мүмкін.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстандағы авторитейл: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел мәжілісінде ең ірі 7 ресми көлік сатушы-дилерлер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Олардың айтуынша, қазіргі кездегі әлемдік экономикалық жағдайға байланысты көлік нарығы жабылудың аз алдында тұр. Көлікті сырттан алып келу де, сұраныс та, сатылым да 2 есеге азайған. Соның салдарынан жұмысшылар қысқартылып, үлкен жобалар жүзеге асырылмай отыр деген ресми дилерлер Үкіметке кедендік алымдарды арттыруды тоқтата тұруды сұрап ұсыныс жолдамақ.«Сырттан келетін көліктерге кедендік алымдарды көбейту біз автокөлік өндіруші ел болғанда тиімді болар еді. Жақында Ресейде сырттан келетін көліктерге кедендік алымдарды 20-80 пайызға көтерді. Олар мұны Ресейлік көлікке сұранысты арттыру мақсатында жасады. Нәтижесінде шет елдік көлікке сұраныс азайып кетті. Мәселен оларда 2008 жылдың қаңтар айында 110 мың көлік сырттан келсе, биылғы қаңтарда 30 мың көлік келген. Бірақ Ресейлік көліктердің де өндірісі тым артып кетпеді» дейді «Астана групп» АҚ Президенті Нұрлан Смағұлов. Ол егер Үкімет кедендік салымды көбейтсе, жаңа көліктердің бағасы айтарлықтай қымбаттайды. «Бұл өз кезегінде көлік нарығының тоқырап, компаниялардың дефолтқа ұшырауына әкеп соғады. Бұл тек жаңа көліктерге ғана емес жалпы көлік нарығына теріс әсер етеді. Ол сонымен қатар бізді 90-шы жылдарға оралтады. Көлікті елге кіргізудің неше түрлі қитұрқы заңсыз жолдары пайда болады.Ал біз оған қарсымыз», - дейді Н.Смағұлов.
Соңғы жаңалықтар