Кедендік бақылау комитеті аттестаттаудан өте алмаған қызметкерлермен «қош» айтыспақ

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитеті аттестаттаудан өте алмаған қызметкерлерімен «қош» айтысады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткізілген брифинг барысында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, кезектен тыс аттестаттаудан өте алмаған кеден органдарының қызметкерлері жұмыстарынан босатылады. Бұл ретте комитет жұмыстан босаған мамандарын  басқа қызметке орналасуына қол ұшын беретін болады әрі бұл бағыттағы жұмыстарды қолға алуда. Жалпы комитет қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлауда.

Аттестаттау барысында қызметкерлердің физикалық дайындығына да назар аударылатын болады.

«Егерде физикалық дайындық кезеңінен тіпті семіз қызметкерлер де өтетін болса, онда олар қызметін одан әрі жалғастырады. Ал егер олар өте алмай қалса - аттестатталмайды. Мұндай адамдар кеден органдарынан шығарылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар