Кедендік бақылау комитеті І жартыжылдықтағы есірткі контрабандасымен күресу жұмыстарының қорытындысын шығарды

АСТАНА.  Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Есірткінің  заңсыз  айналымы   ушығып  келеді және     күрделі әлеуметтік проблемаға айналып,  

Кедендік  бақылау   комитеті   І  жартыжылдықтағы есірткі контрабандасымен  күресу жұмыстарының   қорытындысын   шығарды

елдің  ұлттық  қаіпсіздігіне       нақты қатер төндіруде,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат     Қаржы министрлігі  Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Героин  мен  апиыннан тұратын  есірткінің   негізгі ағыны     Қазақстанға   орталықазиялық  аймақтан - Ауғанстан,  Тәжікстан,  Өзбекстан, Қырғызстан және  Түркіменстан  елдерінен    жеткізіледі.     Сонымен  бірге,  есірткі саудагерлері  әдейі  жалдайтын   ресейлік  азаматтардың  да аталған  аймақтардан  есірткі тасымалдау оқиғалары  жиілеп  отыр.

Жолы кесілген контрабандалық фактілерге   жүргізілген талдаудың  нәтижесінде, есірткі саудагерлерінің     өз қылмыстары  үшін көліктің барлық дерлік  түрін   қолданатыны анықталған.

Ааумақтық  кеден органдары  2009 жылдың 6 айында  124 есірткі  қылмысын  анықтаған,  тәркілеген есірткінің   салмағы - 233,5 киләні   құраған,  оның 88,5 киләсі-  героин болып  шыққан.